03-10-18 |
1000 рет қаралған
Ольга Рыпакова Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері деп танылды.
2008 жылғы Пекин олимпиадасына қатысқан қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова осы олимпиаданың күміс жүлдегері деп ресми түрде танылды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рыпакова 2008 жылғы олимпиадада үш қарғып секіруде төртінші орын алған еді. Алайда, кейін күміс және қола алған спортшылар – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның сынамасынан допинг табылып, олимпиада медальдерінен айырылған.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) Ольга Рыпакованы 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері деп таныды.

Ольга Рыпакова Азия ойындарының бірнеше мәрте жеңімпазы, әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегері, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың чемпионы, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиаданың қола жүлдегері.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.