arasha.kz

«Өнер барысы» додасында Төлепов тағы да жеңіске жетті

Таразда өткен «Өнер барысы» додасында өнер көрсеткен актер Асылхан Төлепов жеңіл салмақта «Өнер барысының» үш дүркін чемпионы атанды. 

Сондай-ақ, актер Еркебұлан Дайыров ауыр салмақтағы «Өнер барысы» атанды. Ақтық белдесуде тележүргізуші Шерхан Пірназаров онымен жекпе-жекке шығудан бас тартты. 

Ал аса ауыр салмақтағы «Өнер барысы» атағы әзілкеш Біржан Шөпбайға бұйырды.

Айта кететін жайт, додаға қатысқан вайнер Мейіржан Төребаев белдесу кезінде қолынан жарақат алып қалды.

Биыл «Өнер барысы» Тараз қаласында өтті. Оған Тәуекел Мүсілім, Арман Қоңыр, Мейіржан Төребаев, Қанат Әлжан, Бейбіт Көшқалиев, Рүстем Жаныаманов сынды танымал жұлдыздар қатысты. 

Exit mobile version