16-10-18 |
1460 рет қаралған
Орыс православие шіркеуі Константинополь патриархатымен байланысын үзді.
Орыс православие шіркеуінің синоды (шіркеудегі ең жоғарғы басшылық орган) Константинополь патриархатымен байланысын тоқтатты. Бұл туралы шіркеудің сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімінің жетекшісі митрополит Иларион Орыс православие шіркеуі синодының Минскіде өткен жиынынан соң мәлімдеді. «Киелі синод отырысында Константинополь патриархатымен байланысты мүлдем үзу туралы шешім қабылданды» деді митрополит.

Бұған дейін Орыс православие шіркеуі Константинопольдің Украина православие шіркеуіне автокефалия (өзін-өзі басқару құқығы) беру шешіміне «қатаң және тиісті» жауа берілетінін мәлімдеген. Мәскеу патриархатының өкілдері егер Стамбулдағы патриархат «православие әлемінің қарсылығына қарамастан автокефалия беру туралы шешім қабылдаса, онда Орыс православие шіркеуі бұл патриархатпен қарым-қатынасын толық тоқтатуға мәжбүр болады» деп мәлімдеген.

Мәскеу патриархатының Украина православие шіркеуі бұған дейін Константинопольмен байланысын үзіп, Константинополь патриархы Варфоломейге анафема (православие шіркеуінде қарғыс айтып, діннен шығару) жариялауы мүмкін екенін білдірген.

Украина аумағында қазір православиелік үш ұйым бар. Олар – Мәскеу патриархатының Украин православие шіркеуі, Киев патриархатының Украин православие шіркеуі және Украин автокефальді православие шіркеуі.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.