24-10-19 |
1790 рет қаралған
Оскар 2019: Леонардо Ди Каприо ма, Брэд Питт пе?.
Оскар 2019: Леонардо Ди Каприо ма, Брэд Питт пе?

Үстіміздегі жылдың «Оскар» жүлдесіне үмітекерлер белгілі болды. Негізгі ерлер рөліне үмткерлер Леонардо Ди Каприо, Мэттью Райс, Роберт Паттинсон және Джонатан Прайс, деп хабарлайды Indiewire.

Sony студиясы «Оскар» жүлдесіне Леонардо Ди Каприоны  «Однажды… в Голливуде» фильмінде сомдаған рөлі үшін, ал Брэд Питті екінші пландағы рөлі үшін ұсынып отыр. Indiewire басылымының жазуынша дублердың рөлін сомдаған Брэд Питтің жүлде алуға мүмкіндігі көбірек.
Сонымен қатар Sony Мэттью Райс пен Том Хэнксті «Прекрасный день по соседству» фильміндегі рөлдері үшін «Оскарға» үсынып отыр. М. Райс — басты ер адам рөлі, Т. Хэнксті — екінші пландағы рөлі үшін.
 A24 киностудиясы  Роберт Паттинсонды (басты ер адам рөлі) және Уиллем Дэфоны (екінші пландағы рөл) «Маяк» фильміндегі рөлдері үшін ұсынып жатыр.
Ал Netflix стримингтік платформасы «Два папы» фильміндегі актерларды жүлдеге ұсынып отыр. Басты ер адам рөлі номинациясына үміткер Джонатан Прайс бұрын соңды «Оскардан» үміткер ретінде көзге түспеген. Екінші пландағы рөлге танымал актер, «Оскар» иегері Энтони Хопкинс ұсынылып отыр.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.