Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасын айтты.
Бүгін Қазақстан аймақтарына коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді. Тоғжанов отандық вакцинаның бағасын айтты.
«Ішкі есептеулеріміз бойынша, 1 доза үшін 4,7 доллар шамасында, ал егер Түркия болса, онда жол мен еңбек шығындарын есептеу керек», – деді премьер-министр.
Айта кетейік, қазақстандықтарға вакцина тегін салынады.
Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов отандық вакцинаны басқа елдерге импорттау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.
«Болашақта, толық көлемге шыққан кезде, көптеген елдер қазақстандық вакцинаны пайдалана алады», – деді ол.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024