arasha.kz

«Oyan, Qazaqstan»: Қазақстанға саяси реформа керек

5 маусымда Алматыда «Oyan, Qazaqstan» жаңа қозғалысының құрылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлай arasha.kz тілшісі.

Қозғалыс ресми тіркелмеген, тіркелмейді де және оның басшысы жоқ, ұйымға кез келген адам мүше болып қабылдана алады екен.

Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, қозғалысқа мүше азаматтар ұйымның декларациясын сақтаса болды.

Қоғамдық қозғалыстың талаптарын былай айтты: біріншіден, біз әр адам сөз бостандығына және өзінің жеке көзқарасын білдіруге, кез келген ақпаратқа қол жеткізуге және оны таратуға құқылы. Екіншіден, Елде азаматтардың құқығын шектейтін заңдар халықаралық стандарттарына, заң үстемдігі қағидасына сәйкестендірілуі керек. Үшіншіден, мемлекетіміз парламенттік Республикаға өту қажет. Төртіншіден жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қолға алу керек. Мәслихаттарды, барлық деңгейдегі әкімдерді көпшілік сайлауы керек. Бесіншіден, бүкіл сайлау жүйесін реформалау керек. Алтыншыдан сот жүйесіне өзгеріс енгізу керек. Жетіншіден, полиция парламент пен халыққа есеп беруі тиіс. Сегізіншіден, барлық билік органдары ашық және халыққа есеп беруі керек.  Сосын, тоғызыншы саяси жүйені реформалау қажеттігін олар атап өтті.

Алайда «Оян Қазақстан» қозғалысы өздерін саяси ұйымбыз деп есептемейді.

Әсем Жапишева қозғалыстың құрылу себебі ашық қоғам қалыптастыру деп отыр.

«Сайлауға төрт күн қалғанда қозғалыс құрып отырмыз. Бізде үлкен буын өкілдері мен жастар арасында түсініспеушілік бар. Қазір заман өзгеріп жатыр. Ал билікте отырған адамдар еш өзгермейді. Біз саяси жүйенің өзгергенін қалаймыз», -дейді белсенді.

Сондай-ақ «Оян Қазақстан» белсендісі өздерін ешқандай саяси партиялармен байланысы жоқ екенін, ұйымды қаржыландылып отырған да ешкім жоқ екені және ешқандай ұйым немесе тұлғадан қаржылай көмек алмайтындықтарын айтты.

Алайда баспасөз мәслихатын өткізген белсенділер алға қойған жопарларын құпия ұстауды шешті.

Кезектен тыс президенттік сайлауға төрт күн қалғанда құрылған қозғалыс белсенділерінен «бұдан кейінгі президенттік сайлауда өз іштеріңізден кандидат ұсынасыздар ма?» деген сұрағымызға ұйым мүшелерінің бірі – Әсем Жапишева сайлауға кандидат ұсынбайтындықтарын айтты.

«Біз билікке ұмтылмаймыз. Біз саяси ұйым емеспіз. Заңды тіркелмегенбіз. Біз қазіргі заңды да өзгерту керек деп есептейміз» деді ол.

Exit mobile version