Сенбі күні таңертең бірнеше жүз демонстрант Салтанат қақпасы алдына жиналған – әдетте наразылық шеруі сол жерде басталатын. Осыған дейін бірнеше рет сенбі күндері наразылық акциялары жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқандықтан Парижде билік орындары «сары жилеттілердің» ықтимал наразылық акциясына алдын ала дайындалып, қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.
Бұл жолы Париж көшесінде тәртіпті қамтамасыз етуге осыған дейінгіден әлдеқайда көп – 8 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Бүкіл ел көлемінде 89 мың полиция өкілі кезекшілік атқармақ.
Эйфель мұнарасы, Лувр және өзге мұражайлар мен көпшілік баратын сауда орындары уақытша жабылған. Президент сарайына барар жолдарда күзет күшейтіліп, парламент ғимаратының қасына беренді техника қойылған.
Бүгінгі акцияның қарсаңында, полицияның мәліметі бойынша, 278 адам ұсталған.
«Сары жилеттілер» қозғалысы биліктің жанармай салығын қымбаттатуына қарсылықтан басталған. Кейін Франция билігі жанармай салығын өсіруге мораторий жариялаған, алайда наразылар президент Эммануэль Макронның экономикалық саясатына қарсылық акциясын жалғастыра беретіндерін мәлімдеген. Билік наразылық акцияларын қоздырып отыр деп әсіреоңшыл және әсіресолшыл күштерді айыптайды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024