01-05-21 |
1450 рет қаралған
Перуашев Түркістандағы кедейлерге садақа бергенін жариялады.
Перуашев Түркістандағы кедейлерге садақа бергенін жариялады

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған депутаттар «Рамазан айында садақа тараттық» деп жар салды. Халық «қалаулылары» Қазақстанның ең кедей облысына арнайы барғандарын желіге жүктеді.

«Қасиетті Ораза айындағы жұма күні әріптестерім Қазыбек Иса, Болат Өтепбаев, Әлімхан Әбжанов, Абзал Салықбаевтармен қасиетті Түркістан қаласында ауыз аштық.

Оған дейін Әзірет Сұлтанға барып, әулие бабамызға, Абылай хан мен осында жатқан данқты Қазақ батырлары мен билеріне Құран бағыштадық.

Қаладағы аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы әлсіз және мүгедектігі бар 50 шақты отбасыға азық-түлік, қаржылай садақа тараттық.

Түлеген Түркістандағы керемет Керуен сарай, әуежай секілді жаңадан салынған нысандарды аралап көрдік. Қала күн сайын жаңарып, жайнап келе жатқанына қуандық. Ораза қабыл болсын, ағайындар!»,-деп жазды Перуашев желідегі парақшасына.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.