12-11-18 |
1460 рет қаралған
Португалияда Air Astana ұшағы ақаудан соң әскери әуежайға қонды.
Air Astana әуе компаниясының Португалиядан Қазақстанға ұшып шыққан Embraer 190 жолаушылар ұшағында ақау шығып, Португалияның Бежа қаласында әскери әуежайға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады. Ұшақ 11 қараша күні Португалияның авиациялық-техникалық орталығында жөнделіп шыққан соң Қазақстанға ұшып шыққан кезінде техникалық ақау шыққаны туралы белгі берген. Бұдан соң ұшақ Астана уақытымен сағат 21:26-да жақын жердегі Бежа қаласының әскери әуежайына қонған.

Ұшақта жолаушылар болмаған. Ұшқыштардың зардап шеккені туралы айтылмайды.

Компания ұшақ қосымша тексерілген соң Қазақстанға оралатынын айтады. Ұшақтағы төтенше оқиғаға байланысты тергеу жүргізілмек.

Португалияның Jornal de Noticias газетінің хабарлауынша, қазақстандық ұшақ әуежайға қонуға үш рет талпынып, әзер дегенде қонған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.