30-12-21 |
2440 рет қаралған
Президент барлық маңдайшалар мен ас мәзірін қазақша жазуды заңмен міндеттеді.
Президент барлық маңдайшалар мен ас мәзірін қазақша жазуды заңмен міндеттеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжат барлық маңдайшаларды, жарнамаларды, баға белгілерін, мәзірлерді, жол белгілерін және басқа да объектілерді міндетті түрде қазақ тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде, атап айтқанда, орыс және ағылшын тілдерінде ақпаратты алып жүруге міндеттейді.

Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске барлық мәтіндерді, нұсқаулықтарды, таңбалауды, стикерлерді, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды баспахана стандарттарына сәйкес түпнұсқалығын көрсету бөлігінде толықтыру енгізілуде.

Бұл заң жобасының тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгертілді. Бұл діни саладағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін жаңа нормаларға байланысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.