12-02-24 |
12270 рет қаралған
Президент боранда халыққа көмектескен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсынды.
Президент боранда халыққа көмектескен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы қолайсыз ауа райы кезінде жанқиярлықпен қызмет еткендердің бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», – деп атап өтті Президент.

Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.