arasha.kz

Президент Шырын шатқалында көз жұмған ұстазды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады.

«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм)», – делінген президент қаулысында.

Еске салсақ, бұған дейін Шарын шатқалында селден екі адамның көз жұмғаны айтылған еді. Олардың бірі оқушы, екінші мектеп ұстазы екені анықталды. 

Exit mobile version