Бұған дейін Гүлнара Каримованың қызы Иман Каримованікі делінген Instagram парақшасында оның Ташкенттен Лондонға ұшып барғаны хабарланған. Иман Каримова парақшасында «Анам қазір үйде» деп жазған. Бірақ қай жерде екенін айтпаған. Ол сонымен қатар Ташкент әуежайында өзінің ұшуына кедергі келтірілгенін да жазған.
Өзбекстан бас прокуратурасы Иман Каримованың елден кетуіне кедергі жасалғанын терістеді.
Оқи отырыңыз: Ислам Каримовтің 80 жылдығында туыстары билікте қалмады
2017 жылы шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасына қарасты ұйымдасқан қылмыс және коррупцияға қарсы күрес басқармасы елдің бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримова жайлы хабар таратқан. Бұл мекеме таратқан хабарламаға қарағанда, 2015 жылғы тамызда Ташкент облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот Гүлнара Каримованы ақша жымқыру және бопсалау баптары бойынша айыпты деп танып, оған бес жылға бас бостандығын шектеу үкімін кескен.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024