Тергеу тобы Корсидың WikiLeaks порталымен байланысын анықтауға ниет танытып отыр. Бұған дейін АҚШ барлау қызметі Ресей WikiLeaks порталына 2016 жылы Америка президенті сайлауына Демократиялық партияың кандидаты ретінде қатысқан Хиллари Клинтонның сайлау кампаниясына кесірін тигізуі мүмкін материалдар берген деген тұжырым жасаған.
Корсидың куәлігі тергеу тобына АҚШ-тағы 2016 жылғы сайлауда Республикалық партиядан президенттікке кандидат Дональд Трамптың төңірегіндегі адамдардың WikiLeaks жоспары туралы қаншалықты білгенін анықтауға мүмкіндік беруі ықтимал. «Америка дауысының» хабарлауынша, бұған дейін Корси Трамптың сенімді өкілі Роджер Стоунмен бірге жұмыс істеген.
Джером Корси «қастандық теориялары» тақырыбын қозғайтын InfoWars сайтына ұзақ уақыт еңбек еткен. Ол АҚШ Демократиялық партиясы лидерлерін, соның ішінде экс-президент Барак Обама мен бұрынғы мемлекеттік хатшы Джон Керриді сынап-мінеген бірнеше кітаптың авторы. Корси айтқан айыптауларының көбіне айғақ-дәлел келтірмеген.