Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында елдің газ саласының дамуы туралы есеп берді.
Министрдің айтуынша, елдің газ бойынша транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«2023 жылы қазанда еліміз арқылы Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу басталды. 2023 жылы 1,28 млрд м³ тасымалданса, биыл аталған көрсеткішті 3,8 млрд м³-ке дейін арттыру жоспарлануда, әрі қарай 11 млрд м³/жылына дейін ұлғайту көзделген», – деді министр.
Сондай-ақ, Түркіменстан мен Өзбекстан газын еліміз арқылы Қытай Халық Республикасына транзиттеу тұрақты өсіп келеді. Биыл транзитті 37,1 млрд м³-ге дейін арттыру жоспарлануда (+1,5 млрд м³ өткен жылмен салыстырғанда).
Бұдан бөлек, Ресей газының Қырғызстанға транзитін арттыру мәселесі талқылану үстінде.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
24.12.2024