Еліміздің энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бензинді автокөлікпен ел аумағынан шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынуды ұсынды.
Министр үкімет отырысында ішкі нарықты дизель отынымен тұрақты қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру не қысқарту мәселесін көтерді.
«Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін Қазақстан аумағынан автокөлікпен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды көздейтін бұйрықты тағы алты айға созу мәселесі пысықталуда», – деді Мырзағалиев.
Министр биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша 8,3 миллион тоннадан астам мұнай өндірілгенін және оның жоспардан асатынын жеткізді. Өндірілген дизель отынының көлемі 3,3 миллион тоннаға жетті.
Еске салсақ, осы жылдың мамырында Қазақстанда бірқатар мұнай өнімін ел аумағынан автокөлікпен шығаруға жарты жылға тыйым салынған болатын.