Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Үкіметке сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын», – делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылдың 1 наурызында құрылған консультативті-кеңесші орган.