arasha.kz

Қазақстан мигранттарының басым бөлігі қытай азаматтары

Қазақстанда 15,7 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді.

 

1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 786 шетелдік азамат қызмет етеді.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде бірнеше санат бойынша жұмыс істейді. Бірінші санат бойынша 661 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 3283 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

“Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі мамандар  (7619) мен білікті жұмысшылар (384) санаттарға жатады. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 1952 адам, ал ұжымдық ауыстыру аясында 1887 адам тартылды”, – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдіктерге жұмыс беретін 1801 жұмыс беруші бар. Оларда 485 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% -ын құрайды.

Еңбек мигранттарының көбіне келетін елдері: Қытай – 3785 адам, Өзбекстан – 1982 адам, Түркия – 1443 адам, Үндістан – 1031 адам, Ұлыбритания-948 адам.

Exit mobile version