arasha.kz

Қазақстан БАҚ саясатында жаңа қадам жасалды

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамы ретінде құрылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі екі республикалық басылымға қатысты жаңалықтармен бөлісті.

Жаңа ұйымның басшысы болып Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі тағайындалды.

«Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болып отыр. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамы ретінде құрылды. Оның басқарма төрағасы етіп елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым. Әрине, екі газетті біріктіру оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. «Казахстанкая правда» газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды. Басылымды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау жалғасады. Ең бастысы, бұл журналистердің шығармашылығына ешқандай кедергісін келтірмейді», – деп жазды Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр алдағы уақытта елді ақпараттық-идеологиялық тұрғыда қамту аясы бірізденіп, оқырман алдындағы тартымдылығы мен сапалы контент ұсыну әлеуеті одан ары артатынына сенеді.  

Министрлік қаржылық үнемдеуден  шығармашылық ұжымның табысы артатынын атады.

«Бұл – редакцияларды не газеттерді қысқартуға қатысты емес, ең әуелі менеджментті реттеу үшін қабылданған шешім. Үнемделген қаражат редакцияның дамуына жұмсалады.

Жаңа ұйымның басшысы болып осыған дейін «Егемен Қазақстанды» абыройлы басқарып келген Darhan Qydyráli тағайындалды. «Егеменге» жаңаша серпіліс берген ағамыз енді осы міндетті де табысты атқаратынына сенімім мол»,- деп жазды Руслан Желдібай желідегі парақшасына.

 

Exit mobile version