Маусымнан бастап Қазақстанда автожолдардың 18 учаскесі ақылы жүйеге көшеді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақылы жолдарда төлем алудың «ашық» жүйесі енгізіледі, яғни шлагбаум болмайды. Автокөліктердің жүріп өткен жолы туралы ақпарат аркаларда орналасқан арнайы камералар арқылы тіркеледі.
Ел аумағындағы ақылы қызмет көрсететін жолдар:
Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
Орал – Ресей Федерациясы шекарасы (Саратов);
Орал – Ресей Федерациясы шекарасы (Самара);
Ресей Федерациясы шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе;
Щучинск – Петропавл;
Шымкент – Қызылорда;
Шымкент – Тараз;
Тараз – Қайнар;
Қапшағай – Талдықорған;
Қарабұтақ – Қызылорда;
Ақтөбе – Орал;
Атырау – Бейнеу – Өзбекстан шекарасы;
Ақтау – Бейнеу;
Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы (Троицк);
Нұр-Сұлтан – Қостанай;
Павлодар – Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан – Павлодар;
Павлодар – Семей – Қалбатау.
Әр учаске бойынша қандай автокөліктен төлемақы алынатыны тас жолдың техникалық санатына тікелей байланысты. Мысалы, І техникалық санаттағы тас жолдарда барлық автокөлік, ІІ және ІІІ техникалық санаттағы тас жолдарда тек жүк көліктері төлем жасайды.
«Алғашқы ақылы учаске енгізілген кезден бастап бүгінге дейін ақылы жолдардың тарифтеріне өзгеріс енгізілмеді, бағасы өспеді. Ал жаңа ақылы учаскелер бойынша төлем мөлшерлемесін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қарастырады. Сондай-ақ тест ретінде пайдалану барысында автокөліктерден төлем алынбайды», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Жаңа жолдар жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ апат деңгейін төмендетеді және жол инфрақұрылымын, жол бойындағы сервисті және учаскелерде тәулік бойы сервисті белсенді дамытуға ықпал етеді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024