Біз
әлеуметтік
желіде
16-08-21 |
2430 рет қаралған
Қазақстандықтар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуге тиіс.
Қазақстандықтар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуге тиіс

2021 жылдың 1 қазанына дейін қазақстандықтар мүлік пен жер салығын төлеуі тиіс, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Осы орайда комитет мамандары салық заңнамасына өзгеріс енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

«2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады», — дейді мамандар.

Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.