Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға 6 250 000 АҚШ доллар жұмсаған.
«2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді», — деді министрлік өкілдері.
Олимпиаданың трансляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан.
Министрліктің хабарлауынша, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларға сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан.⠀
Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап хат жазған. Дегенмен, өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.