26-06-24 |
11200 рет қаралған
Қазгидромед  27 маусымда күннің қатты ысуынан бірнеше өңірде өрт шығу қаупі барын болжады.
Қазгидромед  27 маусымда күннің қатты ысуынан бірнеше өңірде өрт шығу қаупі барын болжады

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өте қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында  жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.