Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жұмыс кеңесі барысында «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Марат Елібаев баяндады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру шеңберінде Банк ауыл шаруашылығын дамыту бойынша басым бағыттарға талдау жасады. Олардың ішінде ет, сүт және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын салу мәселелері бар.
Марат Елібаев ҚДБ-ның екінші деңгейлі банктермен және басқа да қаржы институттарымен бірлесе отырып, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жалпы сомасы 1 трлн 220 млрд теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайын екендігі туралы баяндады.
Қазіргі уақытта Банк отандық инвесторлардың жаңа жобаларын қарауға кірісті.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Банк басшылығына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруға және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық бере отырып қарауды тапсырды.
Айта кету керек, ҚДБ-ның агроөнеркәсіп секторында жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар. Оның ішінде Ақмола облысында ет өндіретін құс фабрикасын, майлы дақылдар өңдеу зауыттарын салу және жаңғырту жұмыстарын атап көрсетуге болады. Сондай-ақ Банктің қаржыландыруымен Түркістан облысында еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы басталды, оның бірінші кезеңі келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024