31-10-18 |
940 рет қаралған
Ресейде саяси репрессия құрбандарын еске алып жатыр.
Мәскеуде және Ресейдің бірнеше қаласында 30 қазан – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Еске алу қоңырауы» акциясы өтіп жатыр. Акцияны ГУЛАГ тарихы мұражайы мен еске алу қоры ұйымдастырған.

Мәскеудегі акция былтыр академик Сахаров атындағы алаң мен Садовое кольцо магистралды көшесінің қиылысына саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған «Қасірет қабырғасы» мемориалында өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 10-ға дейін тұрғындар кешенге барып, гүл шоқтарын қояды, шам жағып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алып кешендегі қоңырауды соғады.

Акция Ленинград, Свердловск және Магадан облыстары мен Краснодар өлкесінде де өтіп жатыр.

Магадандағы акцияда тұрғындар бес сағат бойы сталиндік террор жылдары қаза тапқандардың аты-жөнін оқиды. Магадан облысындағы Колыма легерьлерінде репрессия жылдары 850 мыңнан астам тұтқын болған.

Ресейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын есек алу күні Жоғарғы кеңестің 1991 жлғы 30 қазан күні қабылдаған шешімі бойынша тап өтіледі. 29 қазанда Ресейде және бірнеше мемлекеттің астанасында «Есімдердің оралуы» акциясы өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция мемлекет белгілеген еске алу күніне «адами мән-мағына» береді. Акцияға қатысушылар репрессияға ұшыраған адамның аты-жөнін, жасы мен атылған күнін атайды. Осылайша құрбан болғандардың аты-жөнін алма-кезек айтып шығады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.