2 қараша күні Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) тергеу абақтысына барған құқық қорғаушылардың мәліметінше, Қазақстан азаматы Виктор Филинковке абақтыдан дәрі-дәрмек бермей қойған, тіпті абақтыға түскен кезде тәркілеп алған өз дәрілерін де қайтармаған. Таныстары алып берген дәрілерді де кіргізбеген. Санкт-Петербург парламентінің депутаты Борис Вишневский абақты басшысына жазған хатында тұтқынды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтуды талап етті.
Өткен аптада ҚБК мүшесі Екатерина Косаревская Филинковтің Пензадан Санкт-Петербурге этаппен алып келе жатқанда сал болып қалғанын хабарлаған. «Сеть» ісі бойынша айыпталғандарды шілдеден бері Пензадағы тергеу шараларына апарып жатыр.
2017 жылы күзде Пензада фашизмге қарсы алты адам, 2018 жылдың басында Санкт-Петербургте тағы екі адам қамалған. Олардың арасында Қазақстан азаматы, Петропавлда туған 24 жастағы Виктор Филинков та бар. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 205.4-бабы 2-бөлімі (“террорлық қауымдастыққа қатысу”) бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу болжамынша, белсенділер «терроризмді насихаттап, қолдауды» мақсат еткен әлдебір топ құрған. «Сеть» ісі бойынша айыпталған Виктор Филинков пен өзге белсенділер тергеу кезінде өздерін қинап, қысым жасағанын мәлімдеген. Ресей билігі бұл айыпты жоққа шығарады.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024