27-10-18 |
1660 рет қаралған
Роскомнадзор Google корпорациясын сотқа бермек.
Роскомнадзор мекемесі Google корпорациясын Ресей заңын бұзды деп айыптады. Google Ресей билігінің осы елде тыйым салынған және бұғатталған сайттар тізімі сақталатын федералдық мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қосылу талабын орындамаған.

Ресей заңы бойынша, интернеттегі іздеу жүйесі операторлары тыйым салынған және бұғатталған сайттарды тізімнен шығаруы тиіс. Роскомнадзор Google-ге жоғарыда аталған жүйеге қосылу керегі туралы ескерткенін, бірақ корпорация оны орындамағанын айтады.

Енді ведомство сотқа жүгініп, Google-ге 500 мыңнан 700 мың рубльге дейінгі көлемде айыппұл салуды талап етуге ниеттеніп отыр.

Ресейде экстремистік деп танылып, федералдық тізімге алынған материалдарды таратуға тыйым салынған. Тізімде 4500-ден астам материал бар.  Бұдан өзге, Роскомнадзор сот заң бұзды деп таныған сайттарды да бұғаттайды. Ведомство сонымен қатар басқадай себептермен, мысалы, бас прокуратураның ұсынысы бойынша рұқсат берілмеген митингіге қатысуға шақыратын сайттарды сотсыз бұғаттай алады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.