06-10-18 |
1850 рет қаралған
Румынияда «отбасы» туралы референдум өтіп жатыр.
Румынияда Конституцияға бір жынысты азаматтардың некесін заңдастыруды қиындатуы мүмкін өзгерістер енгізу бойынша референдумге дауыс беру басталды. Ұсынылып отырған нормалар заңдағы отбасы туралы анықтаманы өзгертеді. Конституцияның қазіргі редакциясында неке деп «жұбайлар одағы» аталса, ұсынылып отырған нұсқа бойынша – «ер мен әйел арасындағы одақ» деп көрсетілген.

Қазанның 6-ы мен 7-і күндеріне белгіленген референдум консерваторлар тобының бастамасы бойынша өткізіліп отыр. Жұртқа ықпалды Румыния православ шіркеуі бастамаға қолдау білдірген. Дауыс беруге азаматтардың 30 пайызы қатысқан жағдайда референдумның заңды күші бар деп саналады.

Румынияның Негізгі заңына енгізуге ұсынылып отырған өзгертулер бір жынысты азаматтар некесін заңдастыруға мүмкіндік бермейді. Ел заңнамасында бір жынысты некеге тыйым салатын баптар бар. Бастамамен келіспейтіндер Конституцияға енгізу ұсынылып отырған өзгертулер – ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) қауымдастығы өкілдерін тұқыртып, олардың өзін екінші дәрежедегі адам сезінуін көздейді деп санайды. Сын айтушылар, заң өзгертулері баланы бір өзі тәрбиелеп жатқан жалғызілікті әйелдер мен ерлердің, сонымен бірге некесіз бала өсіріп жатқан азаматтардың жағдайын қиындатады дейді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.