13-11-18 |
1800 рет қаралған
Сағынтаев ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қарашаның 13-і күні ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге монополистердің заң бұзғанына байланысты сөгіс жариялады.

Тарифтерге қатысты үкімет жиынын өткізген Сағынтаев «тарифтерді көтеріп, пайда тапқан жосықсыз монополистер мен басқарушы компаниялар дың заң бойынша жауап беруі тиіс екенін айтты. Ол Ұлттық экономика министрлігі монополистерге бюджеттен субсидия ретінде бөлінген қаржының қалай жұмсалғаны жөнінде есеп беруі қажетін айтты. 

Премьер-министр бұған қоса Ұлттық экономика министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғынүй коммуналдық шаруашылық саласына мониторинг жасау жүйесін ұсынуды тапсырды.

Сағынтаев сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі мен Энергетика министрлігі және облыстық әкімдіктерге көмір, газ, дәрі-дәрмек және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге міндеттеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 7-сі күні Қауіпсіздік кеңесінің жиынында табиғи монополияны реттеу, бәсекелестік пен  тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің жұмысын сынап, үкіметке жыл соңына дейін тарифтерді төмендетуді тапсырған.

Видео: Назарбаев айтқанына қарсы шықты ма?

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.