Бүгін 10 қаңтар күні Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Таңдау – билікті қолдайтын бес партия арасында жүреді. Олар – «Қазақстан халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол» және «Адал» партиялары. Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік филиалдары байқаушыларынан өзге ТМД мен ЕҚЫҰ өкілдері бақылайды.
Қазақстандағы оппазициялық топтар үндеу жасап, халықты митингке шақырып жатыр.
Ал бауырлас Қырғызстанда дәл осы күні мерзімінен бұрын белгіленген президенттік сайлауға дауыс беру басталды.