Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
130 рет қаралған
ІІМ Сара Назарбаеваға қатысты күзетті түсіндірді.
ІІМ Сара Назарбаеваға қатысты күзетті түсіндірді

Алматыдағы «Совминка» ауруханасында ем қабылдап жатқан Сара Назарбаеваға байланысты күзет күшейтілгенін түсіндірген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха бұл — полицияның заңды әрекеті екенін айтты. Бұл туралы NewTimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Егер шақыру болса — полицияны сол жерге жібереді. Бұл — біздің жұмысымыз. Біз бұған құқылымыз», — деді Игорь Лепёха журналистерге.

14 мамыр күні Сара Алпысқызы Назарбаеваның аталмыш ауруханада емделіп жатқаны туралы хабар тарағаннан кейін, күзет күшейтілгенін куәгерлер байқаған: полиция көліктері, қақпа алдында қара костюм киген күзетшілер, қосымша қауіпсіздік қызметкерлері. Бұл жағдай қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.

«Мен бұл ақпаратты оқыдым. Кейін ол туралы ресми түрде жоққа шығарылды», — деді министр орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Сондай-ақ, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы балалар үйі түлектері қауымдастығының президенті Рафаэль Гасанов Сара Назарбаеваның сырқаттанып қалғаны жөнінде мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.