Департамент мәліметінше, арызға сәйкес Қылмыстық кодекстің «сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бірнеше сараптамалар тағайындалған.
«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Бұл қылмыстық іс Түркістан облысы ішкі істер департаменті басшылығының жеке бақылауында» делінген xабарламада.
Бұдан бұрын белсенділер Сарыағаштағы мектептердің бірінде 13 жастағы оқушыны жоғарғы сынып оқушылары «зорлағаны» туралы айтқан.
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында биыл кәмелетке толмағандарға қатысты «жыныстық іс-әрекет» жасалғаны туралы осымен екінші рет хабарланып отыр. Биыл 13 наурызда Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттыққа жеті жастағы жиенін 2017 жылдың тамызынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте «ұрып, зорлағанын» айтқан. Ол жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын жеткізген. Бұл хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан.
Қыркүйектің 26-сы күні Шымкенттегі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «зорланған баланың» ісі бойынша сот тергеуін бастаған.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024