arasha.kz

Сауат Мыңбаев ҚТЖ басшысы болды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын 2013 жылдан бері басқарған Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясының басқарма төрағасы болды. Бұл туралы 20 қараша күні «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы болып бұрын мұнайға бай Маңғыстау облысын басқарған Алик Айдарбаев тағайындалды. Айдарбаев биыл сәуірден бастап «Самұрық-Энерго» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарған Қанат Алпысбаев «Самұрық-Қазына» қорында қызмет істейді.

56 жастағы Сауат Мыңбаевтың аты былтыр Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) дайындаған офшордағы есепшоттар туралы «Қазақстанның құпия миллиардерлері» деген зерттеуінде аталған.

Оқи отырыңыз: Офшор дауында Мыңбаев пен Атамқұлов аталды

Зерттеу авторлары Meridian Capital жеке компаниясының иесіне қатысты әшкере болған материалдарға сүйене отырып, Мыңбаевтың «үкіметтегі технократ» қана емес, ірі магнат екенін жазған. Сауат Мыңбаев ол кезде  Азаттықтың сауалына мемлекеттік қызметке оралған соң активтерін үшінші адамның басқаруына бергенін айтып, офшорда есепшоты барын жоққа шығарған.

Azattyq.org

Exit mobile version