arasha.kz

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды

Шарын шатқалына оқушыларды экскурсияға алып шыққан ұстаздар мектеп әкімшілігімен келіспеген.

29 мамыр күні Шарын шатқалында болған қайғылы оқиға болды. Өкінішке қарай, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Олармен бірге оқушылардың 5 ата-анасы және 3 мұғалім болды.

 «Экскурсия каникул уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын толық зерттеуде. Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз. Құрметті ата-аналар,  сіздерге каникул кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз!», – деді облыстық білім басқармасы.

Оқиға салдарынан бір оқушы және пән мұғалімі қайтыс болған. Оқиға орнында болған тағы бір оқушы іздестіріліп, ол табылды және ауруханаға жіберілді. Балалар мен зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек берілуде.

Exit mobile version