05-12-17 |
5340 рет қаралған
Шет елдіктер енді Қазақстаннан агенттіктер арқылы ғана бала асырап ала алады.
Шет елдіктер енді Қазақстаннан агенттіктер арқылы ғана бала асырап ала алады

Ағымдағы  жылғы 17 қаңтарда күшіне енген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексімен шетелдік азаматтармен бала асырап алу үрдісі тұжырымдамалы түрде өзгертілді.

Әділет министрлігі ресми сайтының мәліметінше, егер бұрынырақ шетелдік бала асырап алушылар тікелей асырап алатын болса, онда қазір асырап алу мәселелеріне тек заңды тұлғалар – агенттіктер, ҚР аумағындағы өздерінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы жіберілетін   болады.

Бала асырап алушыларды іздеу және бала асырап алу үрдісін рәсімдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын агенттіктерге Қазақстанда олардың құқық қабілеттілігін ресми түрде тану үшін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет болады.

Өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырып жүрген бала асырап алу жөніндегі агенттіктер аккредитациялауға жатады.

Агенттіктер 1 жыл мерзімге аккредиттеледі.

Егер агенттікпен заңда белгіленген барлық талаптар сақталған болса бұл мерзім автоматты түрде созылады.
Аккредиттеу тәртібі, құжаттар тізімі, өткізу мерзімі Кодекспен нақты реттелген.

Аккредиттеу туралы не одан бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

ҚазАқпарат

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.