Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерге 39,6 млн теңгенің турын ұйымдастырады. 2019 жылғы наурызда Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған тендердің нәтижесі бойынша Алматы туризм басқармасы Global Air туристік компаниясымен шетелдік блогерлер мен журналистер үшін екі баспасөз турын ұйымдастыру жөнінде шарт жасасты.
Әр тур 20 қатысушыға есептелген және алты күнге созылады. Ұйымдастырушылар қонақтарға рейстерді, бүкіл тур бойынша трансферлерді, бес жұлдызды қонақ үйлерде тұруды, күніне үш рет тамақтануды және мәдени бағдарламаны ұсынады, атап айтқанда, келесі көрікті жерлерге баруды қамтитын Алматы бойынша шолу экскурсиясын қамтамасыз етеді:
- Қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайы;
- Алматы Мұражайы;
- 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ;
- «Көк-Төбе» паркі;
- «Зеленый базар»
- «Сұңқар» питомнигі;
- Этноауыл «Ғұндар»;
- Шарын шатқалы;
- Медеу;
- «Шымбұлақ».
Сондай-ақ, Қазақ ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс өткізу және ұлттық костюмдерде фотосессиясы жасайтын қолөнершілердің шеберханасына бару жоспарланып отыр.
Аталған ойын-сауықтардың көпшілігі шығынсыз: саябақтар мен мұражайларға бару шығындарды талап етпейді. Бюджеттің басым бөлігі бес жұлдызды нөмірлерде тұруға және трансферге бағытталған. Осылайша, тендерді жариялауда ұйымдастырушы үшін міндетті шарт ретінде экскурсия өткізу үшін кондиционері мен дыбыс аппаратурасы бар әрбір пресс-турға 20 адамдық сыйымдылығы бар, 2015 жылдан бері шығарылған туристік кластағы автобустың болуы көрсетілген.
Сапар аяқталғаннан кейін тур қатысушыларынан Алматы және қазақ мәдениеті туралы жарияланымдар күтіледі. Баспасөз-турларды ұйымдастыру 2019 жылдың қараша айында болады деп жоспарланған, бірақ келушілердің тізімі әлі белгісіз.
Айта кетейік, ашық конкурстың бірінші хабарландыруы мемлекеттік сатып алу сайтында 2019 жылдың ақпан айының басында жарияланды, бірақ 17 күн ішінде ешкім жауап берген жоқ. Сонда тапсырыс беруші бір сатылы іріктеу жасап, тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізді. Бір компания жауап берді — «Global Air» ЖШС. Бірақ сатып алу бәсекелестіктің болмауына байланысты орындалмады.
Нәтижесінде, 2019 жылдың 19 наурызында тапсырыс беруші Global Air компаниясымен сәтсіз сатып алуды бір ашық көзден сатып алу тәсілімен келісім жасады.
Global Air компаниясы Алматы туризм басқармасымен бұған дейін ынтымақтастықта болған: 2018 жылы компания шетелдік делегацияның сапары аясында экскурсиялық қызметтерді ұсынды. 3,6 млн теңге сомаға сатып алу тікелей шарт жасау арқылы өтті. 2017 жылы Үндістандағы SATTE халықаралық көрмесіне қатысу бойынша тікелей келісім-шарт жасау арқылы 8 млн теңге көлемінде сатып алу өткізілді. 2016 жылы «Жібек жолындағы Алматының 1000 жылдығы және аймақтағы туризмнің даму перспективалары» атты халықаралық конференцияны ұйымдастыруға 11,3 млн.теңге көлемінде қызметтер ұсынылды.
Дереккөз:7kun.kz