Зарипа Абдуллақызының айтуынша, өрт түнгі сағат 21:12-де сауда нүктелерінің бірінде басталған. Оқиға орнына 10 минутта барған төтенше жағдай қызметкерлері өртті сағат 22:16-да толық сөндірген.
«Алаш» базарындағы жеке кәсіпкердің бес бутигіндегі қысқы киімдер өртенген. Қазір өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Өртті сөндіру кезінде жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкері және жергілікті әкімдік қызметкерлері де жұмыс істеген.