arasha.kz

Шымкентте көкөніс бағасы қымбаттады

Шымкентте көкөніс бағасы қымбаттады. Қызанақ пен қияр жергілікті жылыжайда өсірілгенімен, баға айтарлықтай өскен. Жылыжай иелері тауардың қымбаттауын көмір тапшылығымен байланыстырады. Олар баға өсімін тоқтата алмайтынын айтады. Бұл туралы  31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлады. 

Көкөністердің қымбаттауына көмір бағасының өсуі әсер етіп отыр дейді кәсіпкерлер. Әзірге базарда жеміс қолжетімді бағамен сатылуда. Келісін 350-400 теңгеге тең. Ал қызанақ пен қияр бірнеше күн бұрын 450 теңгеден сатылса, қазір келісі 650 теңге дейді тұрғындар. Кәсіпкерлер сауда деңгейінің төмендегенін айтады. Сатып алушылар жарты немесе бір келі ғана алады екен. 

Жылыжай иелері жылыжайда қолайлы температураны ұстап тұру үшін көмір қажет дейді. Алайда аймақта көмір тапшылығы байқалады. Егер былтыр кәсіпкерлер бір тонна көмірді 15 мың теңгеге сатып алса, биыл тоннасын 20 мың теңгеге алып отыр екен. Сонымен қатар кәсіпкерлердің айтуынша, шетелден әкелінетін тауар көлемі де артқан. 

«Түркменстанда шығын жоқ. Газ бен электр қуаты арзан. 100-150-200 теңгеге әкеліп сатып жатыр. Ал біздің қызанақтардың өз бағасы 250-300 теңге», – дейді жылыжай кәсібінің иесі Ергеш Төребек.

Кәсіпкерлердің көбі жылыжайларын сата бастаған, себебі кәсіпті ұстап тұру тиімсіз екен. Ал аймақта баға тек келесі жылдың наурыз-сәуір айларында ғана төмендеуі мүмкін. мақта

Exit mobile version