07-11-18 |
1190 рет қаралған
Шымкентте қоғамдық көлікке оқ атқан екі күдікті ұсталды.
Алматы-Ташкент тас жолында «қоғамдық көлікті травматикалық қарумен атқан екі күдікті ұсталды» деп xабарлайды Азаттыққа Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Әсел Сәденова.

Сәденованың айтуынша, оқиға қарашаның 5-і күні болған. 

«Күдіктілер ұсталды. Айғақ заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының басталғанына байланысты күдіктілердің аты-жөні мен өзге де ақпаратты айта алмаймыз» деді баспасөз xатшысы. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.