Алматы-Ташкент тас жолында «қоғамдық көлікті травматикалық қарумен атқан екі күдікті ұсталды» деп xабарлайды Азаттыққа Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Әсел Сәденова.
Сәденованың айтуынша, оқиға қарашаның 5-і күні болған.
«Күдіктілер ұсталды. Айғақ заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының басталғанына байланысты күдіктілердің аты-жөні мен өзге де ақпаратты айта алмаймыз» деді баспасөз xатшысы.