14-11-18 |
1460 рет қаралған
Шымкентте Өзбекстанның екі азаматы газдан уланып қайтыс болды.
Шымкентте жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның үш азаматы газдан уланып, олардың екеуі қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының баспасөз хатшысы Саида Турсуметова хабарлады.

Саида Турсуметованың айтуынша, Өзбекстан азаматтары Шымкентте жұмыс істеп жүрген. Қайғылы оқиға олар жалдап тұрған үш бөлмелі жеке үйде болған. Үйді жылыту үшін электр пешімен бірге газ пеші де пайдаланылған. Мамандар бұл үйде желдеткіш каналдың жоғын анықтаған.

«Мұның салдарынан Өзбекстанның 42 және 35 жастағы екі азаматы газдан уланып қайтыс болды. 35 жастағы үшінші азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілді» дейді баспасөз хатшысы.

Шымкенттегі Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетованың Азаттыққа айтуынша, газдан уланып орталықққа түскен Өзбекстан азаматының жағдайы өте ауыр. «Науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазір оның денсаулығы жайында еш болжам жасай алмаймыз. Жағдайы өте ауыр» деді ол.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.