Ал АҚШ вице-президенті Майк Пенс саммитте Вашингтонның Үнді-Тынық мұхиты аймағы елдерімен қарым-қатынаста әріптестік саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Ол Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық елдерін «мемлекеттік егемендігіне қауіп төнетінін» ескертіп, сырттан мойынға қарыз ілетіндей міндеттеме алмауға шақырды.
Батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашингтон мен Пекин аймақтық дамуға қатысты екі түрлі ұстанымда екенін байқатты. Азия-Тынық мұхиты елдерінің саммитінде қорытынды құжатқа қол қойылмай қалуы осымен байланысты болуы мүмкін.
Саммит аясында Майк Пенс Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонмен кездесті. Қос саясаткер де Папуа – Жаңа Гвинеяға Манус аралының шығыс жағалауындағы әскери-теңіз базасын модернизациялауда көмектесуге дайын екенін білдірді.