13-12-18 |
1660 рет қаралған
СІМ: Страсбургте зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі алдын-ала мәлімет бойынша Страсбургтегі атыста қаза тапқан немесе жараланған азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

11 желтоқсанда кешке Францияның шығысындағы Страсбург қаласында атыс болып, бірнеше адам қаза тапқан. Оннан астам адам жараланған. Полиция ақпараты бойынша, қарулы адам қала орталығындағы сауда орнында адамдарға оқ атқан. Көшені бақылап жүрген полиция оны ұстауға тырысқан. Бірақ күдікті жасырынып үлгерген.

Соңғы дерек бойынша, полиция күдіктіні іздеп жатыр. Полициямен атыс кезінде ол жараланған. Франция прокуратурасы оқиғаны теракт ретінде зерттеп жатыр.

Полицияның айтуынша, 29 жастағы Страсбургте туып өскен күдікті бұған дейін Францияда, Германияда, Швейцарияда 27 рет жауапкершілікке тартылған. 

Видео: Франция атыстан соң қауіпсіздікті күшейтті

 

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.