arasha.kz

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады. Елміздің басым бөлігінде ауа райының бұзылады.

15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.  

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Петропавл қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанда қаласында түнде тұман күтіледі.

 Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

 

 

 

Exit mobile version