31-10-18 |
2060 рет қаралған
Спорттық арбитраж соты Қонақбаев шағымын қолдады.
Лозаннадағы Спорттық арбитраж соты (CAS) қазақстандық Серік Қонақбаевтың шағымын қанағаттандырды. Шешім 30 қазанда CAS сайтында жарияланды. 

 Азия бокс конфедерациясының басшысы Серік Қонақбаев енді AIBA (Әуесқой бокс федерациясы) президенттігіне кандидат ретінде тіркеле алады. Сайлау 1-3 қарашада Мәскеудегі AIBA Конгресінде өтуі тиіс. Бұған дейін AIBA президенттігіне кандидат ретінде өзбекстандық Гафур Рахимов қана тіркелген. 

Қыркүйекте АIBA Қонақбаев белгіленген уақытқа дейін құжаттарын тапсырып үлгермегені үшін кандидатурасын тіркемеген. Қонақбаев Спорттық арбитраж соты​на шағымданған. Ал Халықаралық олимпиада комитеті «егер Рахимов президент болып сайланса, боксты олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін». 

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.