Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан 8 жерснаряд алынады.
Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника каналдардың су өткізу қабілетін арттыруға, су қоймаларының экологиялық жағдайын жақсартуға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, ауқымды техника жаңарту жұмысы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылуда. Министрлік алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.
«Жаңа техникалар көктемгі жұмыстар басталмай тұрып аймақтарға жеткізілуі керек. Келесі жылы 8 жерснаряд түгел жұмыс істеуі керек. Ол үшін барлық филиалдар бүгіннен бастап маман дарялауы керек. Жаңа техникаларды пайдалану бойынша алдын-ала жоспар әзірлеп, нақты нәтижеге жұмыс істеу керек»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.