Дина Тойжанованың айтуынша, оқиға Ақсукент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Ішімдік ішкен 43 жастағы жергілікті тұрғын тоғыз жастағы баланы зорламақ болған.
«Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 24-бабы («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») және 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алу туралы санкция берілді» дейді судья.
Дина Тойжанова бұл факт бойынша тергеу амалдары басталғанына байланысты өзге ақпарат айта алмайтынын жеткізді.