Ресейдің қару-жарақ экспорттайтын мемлекеттік «Рособоронэкспорт» компаниясы тамыз айында Түркияға С-400 кешендері 2019 жылы жеткізіле бастайтынын хабарлаған. АҚШ пен НАТО-ға мүше елдер бұған дейін Түркияның С-400 кешенін сатып алуына алаңдайтынын білдірген.
Вашингтон Анкараға Түркия С-400 кешендерін сатып алса АҚШ санкция салып, басқа да келісімшарттарды тоқтататынын ескерткен. Анкара болса Батыс елдері Түркияға қорғаныс әлеуетін нығайтуына көмектеспейтінін және Түркияның өз мұқтаждығын НАТО аясынан тыс өтеуге мәжбүр болып отырғанын мәлімдеген.