arasha.kz

Тәжікстанда ІІМ бұрынғы бөлім бастығы 28 жылға сотталды

Тәжікстанның жоғары соты ішкі істер министрлігінің заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімінің бұрынғы бастығы Файзулло Гадоевты 28 жылға соттады.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, сот үкімі 15-қазанда шыққан. Гадоевқа “заңсыз есірткі айналымына қатысы бар”, «ірі көлемде пара алды», «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» және тағы екі бап бойынша айыптар тағылған. 

Тәжікстанның жоғары соты сонымен бірге экс-шенеуніктің мүлкін кәмпескелеп, мемлекетке беру туралы шешім шығарған. Ол мемлекеттік наградаларынан да айрылған.

Генерал-майор Файзулло Гадоев бес жылдан астам уақыт бойы ішкі істер министрлігіндегі заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімін басқарған. 2007 жылы басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім жетекшісі қызметінен кеткен. Ішкі істер министрлігінде 1982 жылдан бері қызмет еткен.

Azattyq.org

Exit mobile version