16-11-18 |
1250 рет қаралған
Тәжікстанда «ИМ-ді насихаттаған» мұғалім мен оқушылар сотталды
.
Тәжікстанда ағылшын тілінің мұғалімі Жахонгир Касымов «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымына адам тартумен айналысты деген айыппен 19 жылға сотталды.

Жахонгир Касымовқа сот үкімі 15 қарашада шыққан. Сот онымен бірге істі болған арасында оқушылар бар – тоғыз адамға алты айдан 19 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

22 жастағы ағылшын тілінің мұғалімі Жахонгир Касымов биыл шілде айында ұсталған. Ол сот процесі кезінде ағылшын тілімен қоса, Құранды да шет тілінде үйреткенін, сонымен бірге «жиһад» идеясын насихаттағанын мойындаған. Ол «ИМ» мүшелерімен әлеуметтік желі арқылы танысқанын, кейін олардың идеологиясын қабылдағанын айтқан.

Сотталушылардың туыстары мен адвокаттары сот үкіміне келіспейтінін, оған шағымданатынын мәлімдеді.

Тәжікстан арнайы қызметі есірткіге қарсы ведомство қызметкерлері Ауғанстанмен шекарада төрт жас жігітті ұстағаннан кейін Жахонгир Касымовты қамауға алған. Ұсталған жігіттер шекарадан өтіп, ИМ қатарына қосылмақ болғандарын мойындаған. Олар Жахонгир Касымовтан тәлім алғанын айтқан.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.